Әлем
Тренд

Ресейде украиндық журналист Дмитрий Гордон қамауға алынды

Дмитрий Гордон Ресейде «терроризмге шақыру» және «фейк тарату» баптары бойынша сырттай айыпталып, іздеуге жарияланған.

Ресейлік БАҚ құралдарында Санкт-Петербургтегі «Московский» вокзалында Украиндық журналист Дмитрий Гордонның қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды tiek.kz.

Кейіннен ұсталған адамның Гордон емес Дмитрий Галяминских есімді жергілікті рок-музыкант екені туралы ақпарат пайда болды. Вокзалдағы әлпетті тану жүйесі оны Гордон деп «таныған».

Оқиғаның мән-жайы:

Санкт-Петербургтегі «Московский» вокзалында бейнебақылау жүйесі ресейлік «Свобода важнее моды» тобының вокалисі Дмитрий Галяминскихті украиндық журналист Дмитрий Гордон деп қабылдаған.

Полиция қызметкерлері музыкантты тоқтатып, оның құжаттарын мұқият тексерген. Тіпті, күдіктінің бетіне грим немесе парик кимегенін анықтау үшін «бет-әлпетін қолмен тексеруге» тура келген.

Ұсталған адамның жеке тұлғасы анықталғаннан кейін рок-музыкант бірден босатылды. Ол пойызға асығып бара жатқан болатын.

Украиндық журналист Дмитрий Гордон Ресейде «терроризмге шақыру» және «фейк тарату» баптары бойынша сырттай айыпталып, іздеуге жарияланған. Алайда, ол қазіргі уақытта Украинада және өз жұмысын жалғастыруда.

Осылайша, «Гордон ұсталды» деген жаңалық цифрлық жүйенің техникалық қателігінен туындаған түсініспеушілік болып шықты.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button