Әлем
Путин Пасха мерекесіне байланысты Украинамен бір жарым күндік бітім жариялады

Путин Пасха мерекесіне байланысты Украинамен бір жарым күндік бітім жариялады, деп хабарлайды tiek.kz.
Бітім 11 сәуір күні сағат 16:00-ден бастап 12 сәуірдің соңына дейін жалғасады. «Осы уақыт аралығында Ресей әскері барлық бағытта соғыс қимылдарын тоқтатуы тиіс», делінген Кремльдің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.
Өткен жылы Владимир Путин Пасха мерекесіне орай үш күндік бітім жариялаған болатын.



