Экономика

500 мыңнан астам адам өзін банкрот деп тану мүмкіндігін пайдалана алмай отыр

Елімізде кейбір шектеулерге байланысты өзін банкрот деп таныта алмай жүрген азаматтар көп. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды tiek.kz.

Мәдина Әбілқасымованың мәліметінше, қазіргі таңда 70 мыңға жуық азамат банкрот деп танылған. Алайда бұл рәсімді рәсімін қолданғысы келетіндердің яғни төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді қажет ететін азаматтардың нақты саны бұдан әлдеқайда көп. Олар өздерінің банкроттыққа жүгінуге заң жүзінде құқығы бар екенін біледі. Бірақ кейбір заңдық кемшіліктердің кесірінен банкрот болу мүмкіндігін пайдалана алмай отыр.

«Қазіргі сәтте қарызын қайтару мерзімін 2 жылдан 5 жылға дейін кешіктіргендердің саны 500 мыңнан асады.  Заң бойынша, банкрот деп танылған адамға 5 жыл бойы несие алуға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ банкроттық үшін азаматтың мүлкі болмауы және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспауы тиіс деген ереже бар. Осындай мәселерді шешу мақсатында өткен жылы заңнамаға бірқатар жеңілдіктер енгізілген. Яғни берешек мерзімі тым ұзаққа созылған азаматтар үшін мүлік пен табысқа қатысты талаптарды қолданбау мүмкіндігі қарастырылған», — дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

Бүгінде агенттік депутаттық корпуспен бірлесе отырып, заңдағы осындай кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жасап жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button