
Қазгидромет мамандары 16-18 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райын екі барикалық түзілім қалыптастырады;
батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон ауа райының тұрақсыз сипатын тудырып, жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
«Кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтары солтүстік антициклонның ықпалында болып, күн суытады деп болжанады», — деді метеорологтар.
Осының салдарынан елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Солтүстікте түнде -1…-8 градусқа дейін, күндіз +1…+8 градусқа дейін, ал елдің шығысында түнде -2…-18 градусқа дейін, күндіз 0…+13 градусқа дейін төмендейді.



