Қорғаныс министрлігі құлаған дрондардың иесін әлі анықтай алмай жатыр

Құзырлы органдар еліміздің батыс өңіріне құлаған дрондардың нақты қай елге тиесі екенін әлі анықтай алмай жатыр. Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков тілшіміздің сұрағына осылай деп жауап берді, деп хабарлайды tiek.kz.
Айтуынша, қазіргі таңда арнайы комиссия құрылған. Комиссия құлаған дрондардың нақты қай мемлекетке тиесілі екенін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр, бірақ ресми қорытындылар әлі жарияланбаған.
«Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттарының (БПЛА) бірнеше фрагменттері табылды. Бұл жағдайларды зерттеу және олардың қай мемлекетке тиесілі екенін анықталып жатыр. Осы мақсат арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына бірнеше құзырлы органдардан мамандары кіріп отыр. Оның ішінде қарулы күштердің мамандары да кіріп, эксперттік қызмет атқарып отыр. Қазіргі уақытта комиссияның жұмысы жалғасып жатыр, нақты нәтижелер әлі жарияланған жоқ», — дейді ол.
Айтуынша, бүгінге дейін екі жағдай расталған. Бірақ олардың толық сараптамасы аяқталған жоқ», – дейді Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ ол нақты қашан белгілі болатын да айта алмады.
«Комиссияның шешімдері ведомствоаралық келісімнен кейін ғана толықтай жарияланады. Сондықтан, әзірге олардың қай елге тиесілі екендігі туралы ақпарат ресми түрде бекіген жоқ», – деді Асқар Мұстабеков.



