Оқиға
Тренд

Шұғыл! Ақтөбеде облыс әкімдігі өртеніп жатыр

Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратының шатырында өрт шықты.

Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп, адамдар эвакуациялануда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы ғимаратта тіркелген. Қазіргі уақытта құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жеткен. Өртті оқшаулау үшін бірден су беру желілері іске қосылып, барлық қажетті шаралар қабылдануда. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылған.

Сонымен қатар ғимараттан адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылған.

Қазіргі уақытта “112” қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button