Оқиға
Тренд

Қарағандыда 50 адам отырған автобус аударылды

30 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Қарағанды облысында 50 адам отырған автобус апатқа ұшырады. Жол-көлік оқиғасы Қарқаралы ауданы аумағында болған, деп хабарлайды tiek.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылып қалған. Көлік ішінде шамамен 50 адам болған.

Оқиға орнына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары жедел жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Министрліктің мәліметінше, Қазавиақұтқару әуе кемесі арқылы үш адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілген.

Сонымен қатар, құтқарушылар мен дәрігерлердің сүйемелдеуімен тағы 30 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелерімен қатар Апаттар медицинасы орталығы, жедел жәрдем бригадалары және полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button