Оқиға
Тренд

Шұғыл! Астананың іргесіндегі ауылда бөгет жарылды (ВИДЕО)

Су жайылып, республикалық маңызы бар «Астана – Қорғалжын» тас жолына жақындады.

Қорғалжын ауданында «Шөптікөл» бөгетінің бұзылғаны белгілі болды.

Салдарынан республикалық маңызы бар «Астана – Қорғалжын» тас жолын су басу қаупі төніп отыр.

Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

Жалпы саны шамамен 170 адам және 43 бірлік техника тартылған.

Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button