Оқиға
Тренд

Ыстанбұлда Қазақстан азаматын атып кетті

Ол жекеменшік логистикалық компанияда жұмыс істеген.

БАҚ беттерінде Ыстанбұлда Қазақстан азаматын атып кетті деген ақпарат тарады.

Түркиялық басылымдардың жазуынша, қаза тапқан адамның аты-жөні  – Ариф Исмаилов. Ол жекеменшік логистикалық компанияда жұмыс істеген, деп хабарлайды tiek.kz.

Белгісіз адам оған көшеде жақындап келіп, басынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кей деректерде оның сол жерде көз жұмғаны айтылса, енді бірінде ауыр жағдайда ауруханада қайтыс болғаны хабарланады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растап, істі бақылауға алғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 31 наурыз күні Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында болған. Қазір Түркияның құзырлы органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Күдікті ретінде Грузияның екі азаматы ұсталды. Олар елден қашпақ болған кезде Эдирне қаласы маңында қолға түскен. Іздестіру жұмыстарына дрон да қолданылған. Сонымен қатар, күдіктілердің қашуына көмектесуі мүмкін деген күдікпен көлік жүргізушісіне қатысты да жеке тергеу басталған.

Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button