Әлем
Тренд

«Тарихтағы ең жауыз адамның бірі өлді»: Трамп Әли Хаменеидің көз жұмғанын растады

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social желісінде "тарихтағы ең жауыз адамның бірі өлді" деп жазды. 

Әли Хаменеидің қаза тапқанын  АҚШ президенті Дональд Трамп растады, деп хабарлады tiek.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің Truth Social желісінде «тарихтағы ең жауыз адамның бірі өлді» деп жазды.

«Ол біздің интеллектуалды және жоғары дамыған аңду жүйемізден қашып құтыла алмады. Израильмен тығыз жұмыс істеудің арқасында ол және онымен бірге қаза тапқан басқа да лидерлері ештеңе істей алмады. Бұл — Иран халқы үшін өз елін қайтарып алуға үлкен мүмкіндік», — делінген Трамп жазбасында.

Сондай-ақ Трамп Ирандағы шабуылдың апта бойы немесе Таяу Шығыстағы және бүкіл әлемдегі мақсатқа қол жеткенше жалғаса беретінін айтқан.

Бұған дейін Reuters ақпарат агенттігі Хаменеидің қазасы жайлы ақпарат таратқан еді.  Израильдің ресми өкілдері Reuters ақпарат агенттігіне Әли Хаменеидің мәйіті резиденциясынан табылды деп айтқан. Кейін Израиль премьер министрі Биньямин Нетаньяху да «Хаменеи бұл өмірде енді жоқ» деп мәлімдеді.

«Бұл тиранның енді жоқ екенін көрсететін көптеген белгілер бар. Бүгін таңертең біз аятолла режимінің жоғары лауазымды өкілдерін, Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшыларын, ядролық бағдарламаның негізгі тұлғаларын жойдық және жалғастырамыз. Алдағы күндері біз террористік режимнің мыңдаған нысандарына тағы да соққы жасаймыз», – деді Нетаньяху.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button