
Ел арасында «Хан» атымен белгілі асаба мен әйелінің ұятсыз видеосы Баян дауынан кем түспей тұр. Асабаның өзі әдейі таратқан жоқпыз деп ақталып жатқанымен, былайғы жұрт оның хайп үшін жасалған дүние екенін айтып жатыр. Себебі, тамадының өзі де бұған дейін бірнеше рет оғаштау тірлігімен жұрт назарына түскенге ұқсайды.
Хан емесс, малсың!
Әлеуметтік желі белсендісі Төртуыл Шоқанның жазуынша, тамада бұрын үйленген, әйелі бала-шағасымен тастап кеткен.
«Бір бірімізді толықтырдық» деп ойлаған екі «жынды» қосылып —жанұя құрады, бала туады, «порно»видео түсіріп жариялайды.
Жариялағанда, «әдейі» істегендей ме, қалай өзі?
«Ішіп» отырып па, «шегіп» отырып па жіберген сияқты көрінді маған.
«Мобилограф таратып жіберіпті» деген жәйский сөз-ау..
Сосын, бұл «братишканың» басы жасайтынына күмәнім бар: «әйелі» де «айналайын»ғой, көрдіңдер.
Бұл «хан» тамаданың бұрын да әйелі болғаны, оны балаларымен тастап кеткені туралы бейнеролик шықты.
Сол «Астарлы ақиқат» та бұған бір жігіт «сен «хан» емессің, «малсың» деп айтқаны екен.
Бұл екеуді полиция жақсылап тергеп, кінәлі болса—жазасыз қалмауы тиіс!
ҚК 311 бабы нақ осыларды жазалауға лайық!», — деген жазбасы жүр желі бетінде.
Айтпақшы, автордың жазбасының астына бір қолданушы «Мына келіншек үшіншісі. Үш әйелде бес бала бар. Астарлы ақиқатқа бұл жігіттің қыз баласына жақын екені, көбісін көтертіп тастап кеткені айтылды. Бұл өтірік деп құтылды. Былтыр осы әйелімен ажырасып «Қослайкқа» қатын іздеп барған видеосын да байқап қалдым. Балаларының санын жасырып,сызылып отырған. Қысқаша айтқанда доны жуан біреу екен. Тоест донжуан)» деп пікір қалдырған екен.
Видеоны азғын күйеуі таратқан
Шынар Құрманғали есімді қолданушы интимдік видеоны әйелдің азғын күйеуі өзі таратқанын жазған. Айтуынша, айеліне, балаларының анасына құрметі бар еркек ешқашан интимдік видеоны, тіпті жеке архиві үшін де түсірмейді.
«Интимдік видеоны әйелдің азғын күйеуі өзі таратқан.
Азғын күйеу – әйеліне еш құрметі жоқ адам. Әйеліне, балаларының анасына құрметі бар еркек ешқашан интимдік видеоны, тіпті жеке архиві үшін де түсірмейді. Егер мобилограф таратқан болса, қазірге дейін оның да фотосы тарап кетер еді. Өзі үнемі хайп қуып жүрген азғын еркектің өз қолымен жасалған әрекеті. Бәрі просмотр мен хайп үшін. Әйелді аядым. Өсіп келе жатқан қыздары мен ата-анасын жерге қаратты! Бұл просмотр қуу талай блогерді орға жығады», деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Ал асабаның өзі бұл видео хайп үшін түсірілмегенін айтып ақталып жатыр. Оның сөзінше, олар жеке өмірлеріндегі сәтті өздері үшін видеоға жазып, оны жасырын файлда сақтаған.
«Соңғы уақытта тарап кеткен видеоға байланысты айтарымыз — бұл әдейі жасалған дүние емес. Мұндай нәрсемен танылуды көздейтін адамдар емеспіз. Видео жеке архивте сақталған болатын. Біздің күдігіміз бойынша, оны мобилограф ашып, таратып жіберген. Қазір бұл жағдайды анықтап жатырмыз. Әйелім де қатты күйзеліске түсті, соңғы күндері көңіл күйіміз өте ауыр», — деді асаба.
Ал оның жұбайы бұл жағдайдың күйеуінің рұқсатымен болғанын айтып, көпшілікке үндеу жасады.
«Маған әртүрлі хабарламалар келіп жатыр, тіпті бейтаныс ер адамдар жазуда. Сіздерден өтінемін, көмектесіңіздерші. Ол видеоны таратпаңыздар, қарамаңыздар және өшіріп тастаңыздаршы», — деп өтініш жасаған.



