Мәдениет
Тренд

«Елу жыл қайда болдыңдар?»: Баян Алагөзова камзол мәселесіне жауап берді

Алагөзова «Қыз Жібектің» камзолына қатысты кезекті жазба жариялады, деп хабарлайды tiek.kz.

Ол өзінің кезекті жазбасында күтпеген жерден ел арасында «Қыз Жібектің» камзолы «культурный шок» тудырғанына таң қалыс білдірген. Айтуынша, ол камзол 50 жыл бойы ешкімге керек болмай жатқан дүние. Ешкім де ондай дүниенің бар екенін де ұмытып кеткен. Бұл камзол жойылуы керек болған.  Ал оны бір әйел сақтап қалып, өзіне аманат еткен.

Сонымен қатар, ол камзолды кеңінен насихаттауды жоспарлап отырғанын айтты. Продюсер келесі жылы өтетін «Қазақ аруы» байқауына арнайы 600 дана көшірме тігуді көздеп отыр. Оның айтуынша, бұл арқылы ұлттық мұраны көпшілікке танытпақ.

«50 жыл бойы ешкімге керексіз жатқанда қайда болдыңдар?!» — деп ренішін білдірген.

Сондай-ақ жазбасында Баян ханым өзін сынап,  «олигархтың әйелі» деп сөгіп  жатқандарға да базынасын білдірген.

«Күйеуім олигарх емес. Ел қазынасына үлкен көлемде салық төлеп отырған адал кәсіпкер», — дейді Алагөзова.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button