Қоғам
Тренд

«Әділет» партиясы Көкшетауда мектептерге жасанды интеллект енгізу мәселесін талқылады

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері Көкшетауға барып, кәсіпкерлермен, педагогтермен және қалың көпшілікпен кездесті. Олармен білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу мәселесін талқылады.

«Bolashaq» сарайында партия төрағасы Айбек Дәдебай мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасына енген ұсыныстарды, сондай-ақ өңір тұрғындары тарапынан түскен бастамаларды ортаға салды.

Колледж оқытушысы Нұржамал Оспанова мектептерге осы бастан жасанды интеллект технологияларын енгізуді ұсынды. Оның сөзінше, балаларғаерте жастан цифрлық және ЖИ дағдыларын үйрету керек. Ал колледждерде робототехника мен цифрлық инженерия мамандарын дайындауға белсенді түрде кірісу керек.

Кәсіпкерлер қауымы да өз ұсыныстарын ортаға салды. Кәсіпкер Индира Нұрланның айтуынша, мемлекеттік өнеркәсіпті қолдау бағдарламаларын «бір терезе» қағидатымен бірыңғай цифрлық платформаға біріктіру керек. Сол кезде кәсіпкерлер бір жерден мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алып, өтініштер беріп, оны бақылап отыра алады.

Жиынға қатысушылар экология мен қаланы абаттандыру мәселесіне ерекше назар аударды.

Урбанист Расим Хамитов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасының маңызын атай отырып, айналаны көгалдандыру, экологиялық мәдениетті дамыту, қаланы қолайлы ету туралы ұсыныстарды қолдады.

Жиын соңында партия өкілдері өңірлерді дамытуды әрқашан басты орынға қоятынын атап өтті. Олардың айтуынша, облыс орталықтарын көркейтуге, шаруалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға айрықша көңіл бөлінбек. Бұлар өңірдің экономикасын көтеріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button