Сайлау - 2026

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

Айбек Дәдебай Қазақстанның тұңғыш Құрылтайының төрағасы болып сайланды.

Құрылтай төрағасы қызметіне Дәдебайдың кандидатурасын президент Тоқаев ұсынған еді.

Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару жүйесінде жинаған тәжірибесі мен кәсіби білігіне тоқталды.

«Сіздер оны жақсы білесіздер. Ол ұзақ уақыт мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқарды, мол тәжірибесі бар. Білімді, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін іс жүзінде дәлелдеді», – деді Президент.

Депутаттардың жабық дауыс беру қорытындысы бойынша Дәдебайға 145 дауыс берілді. Осылайша, оның кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button