Экономика

«81 миллион доллар»: Өтемұратов OLX Қазақстанды сатып алды

Миллиардер Болат Өтемұратовқа тиесілі «Верный Капитал» компаниялар тобы OLX-тің Қазақстандағы бизнесін сатып алып 100%-дық үлесіне ие болды.

Сатып алу құны 81 миллион долларды (шамамен 36,6 миллиард теңге) құраған.

Болат Өтемұратовтың айтуынша, OLX-ке салынған инвестиция күнделікті өмірде қолданылатын цифрлық сервистер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

«Біз үшін бұл жай ғана инвестициялық портфельді кеңейту емес, күнделікті қолданылатын цифрлық сервистер инфрақұрылымына салынған инвестиция», – деді кәсіпкер.

Қазір OLX платформасының Қазақстанда ай сайын шамамен 9 миллион белсенді пайдаланушысы бар.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button