Әлеуметтік әділдік пен бюджет тәртібі: мемлекеттік көмек нақты мұқтаж азаматтарға бағытталуы тиіс

Қазақстанда әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарап, мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттау қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихикезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік төлемдер жүйесіндегі кемшіліктерге тоқталып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру міндетін қойды.
Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылдары әлеуметтік көмекті шамадан тыс көбейту мемлекеттік басқарудағы қателіктер мен жүйелі мәселелерді бүркемелеудің бір тәсіліне айналған. Соның салдарынан бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, кей жағдайда әлеуметтік көмекке мұқтаж емес отбасылар да түрлі жәрдемақы мен жеңілдіктерге ие болған.
Әлеуметтік көмек жүйесінде қандай кемшіліктер бар?
Президенттің пікірінше, әлеуметтік төлемдердің негізсіз көбеюі мемлекет ресурстарының тиімсіз жұмсалуына әкелген. Ал бұл уақытта мектептер мен ауруханалардың тапшылығы артып, әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері толық шешілмей қалған.
Мемлекет басшысы мұндай жағдай қоғамда масылды қкөңіл-күйдің қалыптасуына ықпал еткенін атап өтті. Бұдан бөлек, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлық фактілері де болған.
Президент негізсіз жеңілдіктер мен жәрдемақылардың шамадан тыс көптігін мемлекеттік аппараттың әлсіздігімен және ұзақ мерзімді жоспарлаудағы кемшіліктермен байланыстырды.
Оның айтуынша, бюджет қаражаты есебінен азаматтардың көңілін табуға бағытталған шаралар елдің тұрақты дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік саясаттықысқа мерзімді мәселелерді шешу құралы ретінде ғанақарастырмай, стратегиялық мақсаттарға бағыттау қажет.
Мемлекеттік көмек кімдерге берілуі тиіс?
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қолдаудың негізгіқағидатын нақтылады. Оның айтуынша, бюджет есебіненберілетін әлеуметтік көмек ең алдымен шын мәніндемұқтаж азаматтарға бағытталуы керек.
Қайталап айтамын: мемлекеттік көмек шын мұқтажадамдарға ғана берілуге тиіс. Үкіметтің алдында тұрғанбасты міндеттің бірі – осы, – деді Президент.
Бұл ретте әлеуметтік саясатты өзгерту барысында азаматтардың жағдайын жан-жақты ескеру маңызды. Себебі әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерге қатысты кез келген шешім халықтың тұрмыс деңгейіне тікелей әсер етуімүмкін.
Мемлекет басшысы қоғамда бұл мәселеге қатысты түрліпікір бар екенін де атап өтті. Азаматтар өздерін алаңдатқанмәселелерді ашық көтеріп жатқандықтан, реформалардыасығыс қабылдауға болмайды.
Әлеуметтік реформалар қалай жүзеге асырылуы керек?
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдаудың жаңа тәсілдеріненгізу кезінде байыпты әрі жан-жақты сарапталғаншешімдер қабылдауды тапсырды.
Оның пікірінше, кез келген реформа терең зерттеліп, азаматтардың әлеуметтік жағдайына ықтимал әсері алдынала бағалануы қажет. Әсіресе жаңа әлеуметтік көмектетіктері мен оларды басқаруға арналған ақпараттықжүйелердің жұмысы мұқият тексерілуі тиіс.
Мемлекет басшысы жаңа жобаларды бірден бүкіл ел көлемінде енгізбей, алдымен пилоттық режимде сынақтанөткізуді ұсынды. Тек тиімділігі дәлелденгеннен кейін ғанаоларды кеңінен қолдануға болады.
Мұндай тәсіл реформалардың ықтимал кемшіліктеріналдын ала анықтап, әлеуметтік қолдауға мұқтажазаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мемлекеттің басты мақсаты – төлемге тәуелділік емес
Президент әлеуметтік мемлекеттің мәні азаматтардыжәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емесекенін ерекше атап өтті.
Мемлекеттің негізгі міндеті – халықтың тұрмыс сапасынарттыру, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және олардыңөз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау.
Осы тұрғыда адам капиталының сапасын арттыру, білімберу мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, өскелеңұрпақтың жан-жақты қалыптасуына қолайлы орта құрумаңызды бағыттардың бірі болып қала береді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы ұстанымынан әлеуметтік саясаттың басты бағыты мемлекеттік көмекті көбейту ғана емес, оны нақты мұқтаж адамдарға жеткізу және ұзақ мерзімді әлеуметтік дамуға жағдай жасау екенін аңғаруға болады.
Ал Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет – әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру кезінде бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етіп, халықтың осал топтарының мүддесін қорғау.



