«Үш орынбасар, сегіз тұрақты комитет»: Құрылтайдың құрамы толық жасақталып болды

Құрылтайдың алғашқы отырысында депутаттардың антынан кейін жаңа заң шығарушы органның басшылығы белгілі болды.
Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева кандидатураларын ұсынды.
Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар спикердің ұсынысын бірауыздан қолдады.
Осылайша Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды.
Құрылтай отырысында жаңа парламенттің 8 комитеті құрылып, олардың басшылары сайлан.
1. Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті – төрағасы депутат Серік Егізбаев
2. Әлеуметтік даму комитеті – төрағасы депутат Асхат Аймағамбетов
3. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті – төрағасы депутат Үнзила Шапақ
4. Қаржы және бюджет комитеті – төрағасы депутат Ольга Перепечина
5. Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті – төрағасы депутат Әмірбек Оспанбеков
6. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – төрағасы депутат Марат Қожаев
7. Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті – төрағасы депутат Дархан Ахмедиев
8. Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті — төрағасы депутат Наталья Годунова
Сонымен қатар комитет төрағалары комитет құрамына сайланатын депутаттар тізімін жариялады.



