Бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды

Қазақстан бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің бір бөлігін шетелге шығаруға салынған шектеуді тағы алты айға ұзартты. Жаңа тыйым 2026 жылғы 22 қарашадан бастап күшіне енеді.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов тиісті бұйрыққа қол қойған. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін бензинді, дизель отынын және бірқатар мұнай өнімдерін Қазақстан аумағынан автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге тыйым салынады. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге де қатысты.
Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын шығаруға да шектеу қойылады.
Еске салсақ, Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға бұған дейін де тыйым салынған. Қолданыстағы шектеу 2026 жылғы 21 мамырдан 21 қарашаға дейін белгіленген еді. Осылайша, Энергетика министрлігі экспортқа қойылған шектеуді кезекті рет ұзартты.



