Мәдениет
Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті

Белгілі әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы өмірден озды.
Қаралы хабар әншінің Instagram парақшасында жарияланды.
«Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін», – делінген жазбада.
Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысының Созақ ауылында, отбасының өз шаңырағында өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



