Қоғам
Алматыда оқушылар қашықтан оқуға жіберілді
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жаппай улану күдігіне байланысты қашықтан оқуға көшірілді.
Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында 14–16 қазан аралығында сабақтар онлайн форматта өтеді.
Бұған дейін 47 оқушы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылған болатын. Мектеп басшылығы жатақханада қалған балалар ата-аналарына немесе жақын туыстарына тапсырылатынын хабарлады.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мектеп пен жатақхананы тексеріп, зертханалық зерттеу үшін сынамалар алды.
Ғимараттарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Жатақхана мен асхананың қызметі уақытша тоқтатылды.
Жағдай мектеп әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың бақылауында.



