«Бір әнге кемі 5 млн теңге шығын кетеді»: белгілі әнші тегін ән айтып беруін сұрайтын таныстарына ренішін білдірді
Сондықтан ондайдан өтіп қойғанбыз. Ақшаңды бер, айналайын, бауырым! Әншінің маңдай тері мен еңбегін ұмытпайық!

Өнер адамының еңбегі қаншалықты бағаланып жүр? Әнші Бағлан Әбдірайымов кит етсе, тойына келіп, тегін ән айтып беруін сұрайтын таныстарына ренішін білдірді, деп хабарлады tiek.kz.
Әншінің айтуынша, шоу-бизнес жолы оңай емес. Қыруар еңбек пен қаржылық шығынды қажет етеді. Әнші кезінде достарының қуанышында, сахнада да талай рет тегін өнер көрсеткен. Бірақ енді ондайды қою керек екенін, әр еңбектің өтеуі болуы керектігін ескерткен.
Оның сөзінше, бір ән жаздырудың өзіне 500 мың теңге кетеді.
«Бір әнге кемі 500 000 теңге шығын кетеді, ал ол ән елдің көңілінен шыға ма, жоқ па – ол басқа сұрақ. Сол сияқты халыққа ұнамай қалған, 500 000 теңгеге жазылған бір әншіде кем дегенде 10–15 ән болады. Өзіңіз есептеп көріңіз, қанша миллион теңге шығын мен ысырап болып жатыр?
Ал сондай жұмыс елдің көңілінен шықса, оған бейнебаян түсіру керек, клип жасату керек, барлық жұмысқа адам жалдайсың, оның бәріне және ротацияға қыруар ақша кетеді. Яғни, бір әннің тікелей халықтың жүрегіне жетуі үшін 5 миллион теңгеге дейін қаражат жұмсалады.
Ал сіздер «бір әнді айта салу түк те емес, келді де ауызын жыбырлатты» деп ойлайсыздар. Ауызды кез келген адам жыбырлата алады, бұл түк емес.
Кезінде менсіз түскі ас ішпейтін бауырлар болған. Талай километрді артқа тастап, ауылдарына барып, сахна болса сахна, той болса тойына шығып, қызмет қылып жүретінбіз. Қайда сол балалар? Солардың біреуі жоқ қой. Оқырман жинап алды, танымалдылығын арттырып алды. Кәсіптері өрге домалап кеткен. Сол уақытта біз жай ғана құрал болып қалдық.
Сондықтан ондайдан өтіп қойғанбыз. Ақшаңды бер, айналайын, бауырым.
Бірақ әншінің маңдай тері мен еңбегін ұмытпайық. 10–15 жылдық тіршілігін, бүкіл өмірін осы өнерге арнап жүрген әншілер бар ғой», — деп атап өткен әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



