Қазан айында Балқашқа екінші жолбарыс жіберіледі

Қазан айының соңында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына екінші жолбарыс жіберіледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.
«Жоспар бойынша мұндай жұмыстар қазан айының соңына жоспарланып отыр. Әзірше біреу болады. Төлдері әлі өсіп жатыр. Бейімделу кезеңінде», — деді министр.
Қазақстанға жолбарыстарды қайта жерсіндіру жобасы аясында 2026 жылғы 31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Үміт атты ұрғашы Амур жолбарысы жіберілілген еді.
Қазіргі уақытта аталық жолбарыстың табиғи ортаға жіберуге дайындығын бағалау бойынша сынақтар жүргізілуде. Мамандар оның жағдайын, өздігінен қорек аулау қабілетін және адамға реакциясын бағалауда.
Жолбарыстың физикалық жағдайы жақсы деп бағаланады, мінез-құлқы жабайы жануарларға тән. Адаммен тікелей байланысқа жол берілмейді, қоректендіру қашықтан жүзеге асырылады.
Аталық жолбарысты табиғи ортаға жіберу мерзімі сынақ нәтижелері бойынша айқындалады.
Қалған екі жолбарыстың төлі олардың жасы мен дайындығына қарай табиғи ортаға жіберіледі. Алдын ала жоспар бойынша оларды келесі жылдың көктем-жаз мезгілінде жіберу көзделіп отыр.



