Қоғам
Тренд

Жалғыз басты қарияның шатырынан табылған 5 миллион теңгені кім жасырғаны белгілі болды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жеке үйді жөндеу кезінде шатырдан 5 миллион теңгеден астам ақша табылды деген ақпарат тараған еді. 

Полиция табылған қаржының үй иесіне тиесілі екенін хабарлады. Айтуынша оны қария жылдар бойы жинаған.

Полицияға жеке тұрғын үйдің шатырынан қомақты ақша табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам ақша салынған бірнеше пакетті тапқан.

«Жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеп беруге ниет білдіріп, іске кіріскен. Жөндеу жұмыстары шатырға жеткенде, олар сол жерден бірнеше пакетке салынған қомақты қаражат тауып алған. Содан бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген. Үй иесінің айтуынша, ол қаражатты жылдар бойы жинаған», — дейді полиция.

Қажетті іс-шаралар өткізіліп, барлық жағдай анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button