Мәдениет

Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықоваға шаңырақ көтерді

Танымал актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықоваға сырға салды. Өнер иелері де Instagram парақшаларында бірге түскен суреттерін жариялап, көпшіліктен бақыт тілеуді сұрады, деп хабарлады Stan.kz.

Демалыс күндері әлеуметтік желіде Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалық рәсімінен түсірілген бейнежазбалар қызу талқыланды. Видео авторларының айтуынша, өнер иелері шаңырақ көтерген.

Желіде тараған кадрлардан Олжас Абайдың анасы Жұмагүлдің Дариға Бадықоваға сырға тағып, ақ батасын бергенін көруге болады. Қуанышты сәтке қос өнер иесінің жақындары мен достары жиналған.

Көп ұзамай Олжас Абай да Instagram парақшасында салтанатты жиыннан түсірілген видеоны жариялап, жазылушыларына жаңалығын жеткізді.

“Бұл жолы кино емес…”, – деп жазды актер.

Дариға Бадықова да Олжас Абаймен бірге түскен суреттерін бөлісіп, жеке өміріне қатысты пікір білдірді. Актриса әр адамның өз тағдыры мен бақыты бар екенін айтып, көпшілікті өзгенің өміріне төрелік етпеуге шақырды.

“Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған”, – деп жазды актриса.

Сондай-ақ өнер иесі ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін айтып, оқырмандарынан тек ақ тілек күтетінін жеткізді.

“Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат”, – деді Дариға Бадықова.

Жұлдызды жұптың жарияланымдары желі қолданушыларының назарын аударды. Көпшілік қос өнер иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

“Олар шынымен үйленді ме? Бақытты болыңдар!”, “Жарасымды жұп”, “Дариға оның жанында ерекше құлпырып тұр”, “Әр адам бақытты болуға лайық”, – деп жазды желі қолданушылары.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button