«Ауқатты адамдар мемлекеттен көмек алмауы керек» — Олжас Бектенов
Ауқатты, өзін-өзі асырай алатын адамдар мемлекеттен көмек алмауы керек. Олар өз күшіне сенуі қажет

Үкімет жағдайы жақсы азаматтардың есебінен $5,5 млрд теңге үнемдеуді жоспарлап отыр. Нақты айтар болсақ, үкіметі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы төлемдеріне қатысты өзгеріс енгізбек. Бұл тәсіл үкіметке 2027 жылы – шамамен 700 миллиард теңге ($1,5 млн) және үш жылда 2,5 триллион теңгеге дейін ($5,5 млрд) үнемдеуге мүмкіндік бермек, деп хабарлады tiek.kz.
Бүгін Құрылтай отырысында премьер-министр Олжас Бектенов бүгінде көпбалалы отбасылар табысы жоғары немесе төмен екеніне қарамастан барлығы мемлекеттен бірдей қолдау алып отырғанын атап өтті. Яғни бүгінде төрт немесе одан да көп баласы бар отбасы бай болсын, кедей болсын, бюджеттен дәл бірдей көлемде жәрдемақы алып отыр.
«Бұл – әділетті емес».
Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, Отбасының цифрлық картасы бойынша жәрдемақының 10 түрінен қағылатын ауқатты адамдар саны қазір 522 мыңнан асады. Оның 70 мыңы ең жоғары әл-ауқат санатына кіретіндер. Олардың барлығына арнайы хабарлама жіберіледі.



