Мәдениет
«Бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды»: Ләйлә Сұлтанқызы Олжас пен Дариғаның құпиясын айтып қойды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Олжас Абай мен Дариға Бадықованың қайырымдылық қорына демеушілік жасап, бірнеше жылдан бері ата-ана болуды армандаған оралдық жұптың перзент сүюіне қолдау көрсеткенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды. Кино әлемі бір бөлек, ал өмірде Олжас пен Дариға – біздің @mariyam_fund_kz қорының демеушілері.
Олар қолдау көрсеткен оралдық жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін, қорымыздың қолдауымен армандарына жетіп, бүгінде ата-ана атанып, бақытқа кенеліп отыр», – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



