Саясат

Вице-президенттің қашан тағайындалатыны белгілі болды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер Сенат төрағасынан «вице-президент кім болады?» деп сұрады.

Мәулен Әшімбаевтің айтуынша, бұл мәселе Мемлекет басшысының құзыретіне жатады.

Жаңа Құрылтай сайланғаннан кейін Мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Бұл мәселелердің барлығы Конституциямызда нақты көрсетілген, – дейді Сенат төрағасы.

Ол түпкілікті шешімді Қазақстан Президенті қабылдайтынын атап өтті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button