Қоғам

Жамбыл облысында қорадан екі оқушының денесі табылды

Жасөспірімдер өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деген ақпарат бар.

Жамбыл облысы Қаракемер ауылындағы қоралардың бірінен 9-сынып оқушыларының мәйіті табылды, деп хабарлады КТК арнасы.

Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды. 9-сынып оқушыларының денесі қорада асылып тұрған.

Қайғылы жағдай Қордай ауданының Қаракемер ауылында болды. Жасөспірімдер өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деген ақпарат бар. Қайтыс болғандар бір үйдің баласы емес. Туыстық байланысы да жоқ. Мән-жайды анықтау үшін Жамбыл облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

«Қордай ауданында болған өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр», — дейді  Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button