Қоғам
Тренд

«Талай адамның үйлі болуына мұрындық болды»: Ардагер журналист Заманбек Нұрқәділов туралы естелігімен бөлісті

Ол кісі келген бойда ұзақ уақыт бойы баспанасыз жүрген Роза Бағланова апамыз үйлі болды. Шөмішбаай Сариев ағамыз үй алды.

Қазақ телевизиясының ардагері Қажы Қорғанов «Tiek» арнасына берген сұқбатында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов туралы естеліктерімен бөлісті.

Қажы Қорғановтың айтуынша, Зәкеңнің елге жасаған жақсылығы өте көп. Талай адамның үйлі болуына мұрындық болған. Министр болғанда да солай болған.

«Ол кезде қазақ мамандарының үйлі болуы деген қиямет еді. Оның өзінде бірінші немесе мұздай суық жоғары қабаттан ғана үй тиетін. Жеделсаты деген жоқ. Қарттар өлдім-талдым деп әрең түсіп шығады.  Қазақ ұлтына орта қабаттардан ешқашан үй бермейтін. Зәкең Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы болып келгеннен кейін бұл теңсіздік жойылды. Келген бойда мамандарға үй беріп бастады. Ол кісі келген бойда ұзақ уақыт бойы баспанасыз жүрген Роза Бағланова апамыз үйлі болды. Шөмішбаай Сариев ағамыз үй алды. Жас маман ретінде мен де баспаналы болдым», — деп еске алады.

Сұқбат барысында ардагер журналист тек Заманбек Нұрқәділовтің қазақтарға жасаған жақсылығы ғана емес, Бауыржан Момышұлының қатал мінезін, және Серікболсын Әбділдиннің қызметтегі тазалығын көрсететін тың естеліктерін ортаға салды.

Тарихи тұлғалардың беймәлім қырлары мен қоғамдағы даулы мәселелердің астарын білгіңіз келсе, сұқбаттың толық нұсқасын «Tiek» YouTube арнасынан тамашалаңыз!

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button