Саясат

Президент Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп атына Artemis II миссиясының сәтті орындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы бұл миссияны адамзаттың соңғы жарты ғасырдан кейін Айға жасаған алғашқы сапары ретінде атап өтіп, оның ғарышты игеру тарихындағы маңызды кезең екенін айтты.

Тоқаев АҚШ-тың ғылыми-технологиялық жетістіктеріне жоғары баға беріп, мұндай бастамалар бүкіл әлемдегі ғалымдар, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын шабыттандыратынын жеткізді.

Сондай-ақ Президент NASA жүзеге асырып жатқан «Артемида» бағдарламасының әрі қарай да табысты жалғасуына тілектестік білдірді.

Миссия Artemis II сәтті аяқталды: Orion ғарыш кемесі төрт астронавтпен бірге АҚШ-тың Калифорния жағалауындағы Тынық мұхитына сәтті қонды.

Бұл — соңғы 50 жылдан астам уақыттағы Айға жасалған алғашқы пилоттық ұшу. Сондықтан ол ғарышты игерудегі маңызды тарихи кезең саналады.

NASA мәліметінше, қону жоспар бойынша өтті және «мінсіз орындалған операция» ретінде бағаланды. Қону кезінде байланыста қысқа уақытқа қиындықтар болғанымен, экипаждың жағдайы жақсы.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button