Әлем
Тренд

Әзербайжан Иранның арандатушылық әрекеттеріне қатаң жауап қайтаруға дайын екенін мәлімдеді

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі арнайы мәлімдеме жасап, Иран тарапынан жасалған шабуылдар жауапсыз қалмайтынын хабарлады.

«Әзербайжан армиясы жоғары жауынгерлік дайындықта және ұлттық мүддеге нұқсан келтіретін қадамдарға жол бермейді», — делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ, мемлекеттік шекара мен аумақтық тұтастықты қорғауға қауқарлы екенін атап өткен.

Caliber.Az сайтының хабарлауынша, Әзербайжан Қорғаныс министрлігі елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті жауап шараларын дайындауға көшкен.
«5 наурызда Иран қарулы күштері ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (ҰҰА) Нахчыван халықаралық әуежайына және Нахчыван Автономиялық Республикасының басқа да азаматтық инфрақұрылымдарына шабуыл жасады. Қазіргі уақытта дрондардың техникалық параметрлері мен бұл шабуылдардың егжей-тегжейі зерттеліп жатыр. Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Иран қарулы күштерінің ешқандай әскери қажеттіліксіз еліміздің азаматтық инфрақұрылымына жасаған шабуылдарын қатаң айыптайды. Болған оқиға үшін жауапкершілік толығымен Иран Ислам Республикасына жүктеледі», — делінген мәлімдемеде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button