Мәдениет
Тренд

«Бұл — күллі Қазақ елінің жеңісі»: Қытайда топ жарған Нұржас Садырбаевты Димаш Құдайберген құттықтады

«Voice Beyond Horizon» Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бастамасымен қолға алынған халықаралық жоба.

Қытайдың танымал «Voice Beyond Horizon» (Hunan TV) телевизиялық жобасының финалында қазақстандық жас әнші Нұржас Садырбаев жеңімпаз атанып, «Даңқ жұлдызы» атағына ие болды, деп хабарлайды tiek.kz.

Ел абыройын асқақтатқан әнші бұл қуанышын алдымен өз халқымен бөлісіп, қолдау білдірген Димаш Құдайбергенге алғысын жеткізді.

«Бұл жеңіс тек менің ғана емес, күллі Қазақ елінің жеңісі. Маған жанкүйер болып, уайымдаған жандарға, осы орайда ағам Димаш Құдайбергенге алғысым шексіз. Мені осы деңгейге жеткізген елімнен айналайын!», — деп сәлем жолдады.

Өз кезегінде Пекинде жүріп жобаның финалдық шығарылымын тамашалаған әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген де әріптесіне ақжарма тілегін арнады.

«Нұржасты жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Дарынды вокалистерге шеберліктері мен музыкаға деген махаббаты үшін, ал көрермендер мен Hunan TV командасына орасан зор еңбегі үшін алғыс айтамын. Баршаңызбен жұмыс істеу мен үшін үлкен ғанибет болды. Әрқайсыңызға шабыт пен жаңа шығармашылық биіктер тілеймін!», — деді Димаш Құдайберген.

Нұржас финалда қытайлық әнші Цай Чан Үймен (Cai Cheng Yu) бірге өнер көрсетті.

«Voice Beyond Horizon» Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бастамасымен қолға алынған халықаралық жоба. Яғни Димаш Құдайбергеннің продюсерлік еткен, Қытайдың алып медиахолдингі Hunan TV (Mango TV) арнасымен бірлесіп жасаған ауқымды халықаралық музыкалық реалити-шоуы.

Жобаның ресми премьерасы 2026 жылдың 5 ақпанында басталды.

Қай жерлерде өтіп жатыр?

Түсірілім тобы мен қатысушылар Қазақстан бойынша 7 436 шақырым жол жүріп, еліміздің ең көрікті 6 аймағын аралады. Жоба тек музыкалық емес, сонымен қатар Қазақстанның туристік әлеуетін әлемге паш етуді мақсат етеді. Түсірілім нүктелері:

  • Түркістан: (Әзірет Сұлтан кешені, Отырар қалашығы, Керуен-сарай).

  • Маңғыстау: (Бозжыра шатқалы, Каспий теңізі жағалауы).

  • Алматы облысы: (Қайыңды көлі, Шарын шатқалы, Қапшағай).

  • Ақмола облысы: (Бурабай курорттық аймағы, Көбейтұз көлі).

  • Алматы және Астана: (Финалдық бөлімдері мен ірі концерттер осы қалаларда өтті).

Кімдер қатысты?

Жобаға 6 мемлекеттен келген 8 талантты өнерпаз қатысуда. Олардың арасында танымал жұлдыздар да, жаңа есімдер де бар:

Қатысушы Мемлекет Ерекшелігі
Нұржас Садырбай Қазақстан Димаштың шәкірті, вокалдық шеберлігімен танымал.
Цай Чэнъюй (Cai Chengyu) Қытай Танымал опера әншісі (тенор).
Джулия Фальконе (Giulia) Италия Еуропалық нақыштағы орындаушы.
Нұр Шолпон Қырғызстан Этно-фольклор мен заманауи стильді ұштастырушы.
Джерил Ли (Jeryl Lee) Малайзия Халықаралық байқаулардың лауреаты.
Принс (Princ) Сербия Балқан нақышындағы әнші.
Чжан Сиюнь & Ла Даньчжу Қытай Қытайдың дәстүрлі және заманауи музыкасын өкілдері.

Димаш  жоба авторы емес, сонымен қатар атқарушы продюсер және қазылар алқасының төрағасы. Кейбір қатысушыларға арнап арнайы ән де жазған (мысалы, Нұржас Садырбай орындаған «Самал» әні).

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button