Эпштейн ісі: Ұлыбританияда тағы бір жоғары лауазымды саясаткер қамауға алынды
Бұған дейін Король Чарльздың бауыры ханзада Эндрю қамауға алынған еді.

Атышулы Эпштейн ісі Европада біраз адамның ұйқышын қашырып жатыр. Ұлыбританияда Эпштейнмен байланысы бар деген күдікпен тағы бір бұрынғы жоғары лауазымды саясаткер қамауға алынды. Нақты айтар болсақ, Ұлыбритания полициясы бұрынғы министр әрі АҚШ-тағы экс-елші Питер Мандельсон ұстауға ордер берді, деп хабарлайды tiek.kz.
Питер Мандельсонға қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылған.
Тергеу дерегіне сәйкес, саясаткер америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысына қатысты іс аясында тексеріліп жатыр. Құқық қорғау органдары оның мемлекеттік қызметте жүрген кезінде үкіметтік құпия ақпаратты үшінші тұлғаға беруі мүмкін екенін зерттеуде.
72 жастағы Мандельсон Лондондағы үйінде ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Бұл іс АҚШ Әділет министрлігі жариялаған жаңа құжаттардан кейін қайта қозғалған.
Тергеу Ұлыбритания саясатында үлкен резонанс тудырып, билікке қосымша саяси қысым күшейген.
Бұған дейін Джеффри Эпштейнмен байланыста болғаны үшін Ұлыбританияның бұрынғы жоғары лауазымды тұлғасы, Король Чарльздың бауыры ханзада Эндрю қамауға алынған еді. Ол «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» деген күдікпен, АҚШ-тағы сексуалдық қылмыс ісіне қатысты тергеу аясында қолға түсіп отыр.



