Әлем

Трамп НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауға тапсырма берді

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде ғарыштық өркениеттер мен белгісіз ұшатын нысандар туралы құпия құжаттарын жариялауға тапсырма бергенін хабарлады, деп хабарлайды tiek.kz

«Қызығушылық танытқандардың көп екенін ескеріп, мен Қорғаныс министріне және басқа тиісті ведомстволарға жерден тыс өмірге, белгісіз ұшатын нысандарға және осыған байланысты басқа да материалдарға қатысты үкіметтік құжаттарды анықтап, жариялауды тапсырамын. Құдай, Америкаға жар бол», – деді ол.

Трамп мұндай қадамға АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың сұқбатынан кейін барып отырғанын айтқан.

«Ол құпия ақпаратты жариялады. Оны жарияламау керек еді. Ол үлкен қате жасады», – деді Дональд Трамп.

Барак Обама сұхбаттарының бірінде үргізушінің «Жерден тыс өркениеттерге сенесіз бе?» деген сұрағына Обама «олар бар, бірақ мен оларды ешқашан көрген емеспін» деп жауап берген еді. Расы керек Обаманың бұл сөзі үлкен резонанс тудырып жіберді.

Кейін экс-президент Instagram парақшасында сұхбаттан үзінді жариялап, не себептен олай айтқанын түсіндіруге тырысқан.

Мен сұрақтарға тез жауап беруге тырыстым. Бірақ бұл мәселе көптің назарын аударғандықтан, түсіндіріп өтейін. Статистикалық тұрғыдан алғанда, Ғалам соншалықты орасан зор, сондықтан онда тіршіліктің болуы ықтимал. Алайда Күн жүйелері арасындағы қашықтық өте үлкен. Сондықтан бізге өзге планеталықтар келді деген ықтималдық төмен. Президент болған кезімде жерден тыс тіршілік иелерінің бізбен байланыс орнатқанына ешқандай дәлел көрген жоқпын. Шынымен!» – деп жазды ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button