Қоғам

СІМ АҚШ-та көз жұмған қазақ жігітінің нақты немен айналысқанынан бейхабар

Оның құқықтық мәртебесі бізге нақты белгісіз. Визаның болу-болмауы да - үлкен сұрақ.

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та көз жұмған қазақ жігіті Әсет Құралбайдың нақты немен айналысқанын білмейтін болып шықты, деп хабарлайды tiek.kz.

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді.

Айтуынша, Сыртқы істер министрлігі бұл іс бойынша өзінде бар барлық ақпаратты ұсынған.

«АҚШ-та қайтыс болған Қазақстан азаматы бойынша бұдан өзге толығырақ ақпарат жоқ. Біз қолымызда бар мәліметтермен бөлістік, ал қалған ақпарат марқұмның отбасына қатысты. Сондықтан қайтыс болған азаматтың жақындарына құрмет көрсетіп, жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біз де өз тарапымыздан марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, сабырлық пен бекемдік тілейміз.

Марқұм АҚШ-тың Чикаго қаласында мекендеген деген мәлімет бар. Кез келген ірі қаладағы сияқты, онда да криминогендік ахуалы күрделі, қауіпті аймақтар болады. Сондықтан Бас консулдық пен елшіліктің консулдық қызметі отандастарымызға тиісті ескертулерді үнемі жеткізіп отырады. Әрине, өмірде әртүрлі жағдайлар болады, бірақ, өкінішке орай, бұл жолғы оқиға азаматымыздың қазасымен аяқталып отыр», — деді Ержан Ашықбаев.

Журналистер дипломаттан марқұмның Құрама Штаттарда немен айналысқанын және оның американдық визасы болған-болмағанын да сұрады.

«Оның ұқықтық мәртебесі бізге нақты белгісіз. Визаның болу-болмауы да — үлкен сұрақ», — деп екіұшты жауап берді министрдің бірінші орынбасары.

24 жастағы Қазастан азаматы Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап оның телефоны сөндірулі болған. Сосын туыстар алаңдап, полицияға хабар береді. 10 маусымда полиция жас жігіттің көлігін тапқан.

Кейіннен жігіттің мәйіт табылды. 16 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдары бұрын табылған адамның жеке басын анықтағанын растады. «Ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты, – деп мәлімдеді сыртқы саяси ведомство.

Қазақстандық дипломаттар оның туыстарына құжаттарды ресімдеу және мәйітті елге қайтару (репатриация) бойынша консулдық көмек көрсетіп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button