Қоғам

«Әскерге баруды кейінге қалдыруға болады»: Қорғаныс министрлігі жаңа ереже бекітті

Мәслихат және Құрылтай депутаттары. Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары кейінге қалдыра алады.

Қорғаныс министрлігі әскерді кейінге қалдыру және әскери билет беру бойынша біршама өзгерістер енгізіп жатқанын хабарлады.

Ережеге сәйкес, Қазақстан азаматтары белгілі бір жағдайларда әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыра алады.

Оларға мыналар жатады:

  • Отбасы мүшелеріне күтім жасайтын азаматтар. Егер туыстарының денсаулығына байланысты тұрақты күтім қажет болса, олар мемлекет қамқорлығында болмаса және заң бойынша көмектесуге міндетті басқа жақын туыстары болмаса.
  • Баланы жалғыз тәрбиелеп отырған азаматтар. Бір немесе бірнеше баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әкелер.
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдарды кемінде екі жыл бойы тәрбиелеп, асыраған азаматтар. Бұл жағдай ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқығынан айырылуына немесе соттың бас бостандығынан айыру туралы үкіміне байланысты болуы мүмкін.
  • Некеде тұрған және баласы бар азаматтар. Яғни заңды некеде тұрған және бір немесе бірнеше баласы бар ер адамдар.
  • Білім алып жүрген азаматтар. Оларға оқу мерзімі аяқталғанға дейін кейінге қалдыру беріледі.
  • Денсаулығына байланысты әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған азаматтар.
  • Педагогтер. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы және басқа да білім беру ұйымдарында кәсіби қызмет атқаратын мұғалімдер.
  • Ауылдық жерде жұмыс істейтін дәрігерлер. Тиісті медициналық білімі бар және ауылда өз мамандығы бойынша тұрақты еңбек ететін азаматтар.
  • Мәслихат және Құрылтай депутаттары. Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары.
  • Қылмыстық іс бойынша тергеуде жүрген азаматтар. Өзіне қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан, сондай-ақ ісі сотта қаралып жатқан адамдар.
  • Азаматтық авиация қызметкерлері. Тиісті білімі бар ұшқыштар, инженерлер, механиктер мен техниктер.
  • Кеме экипажының мүшелері. Қажетті білімі бар және кемеде қызмет атқаратын азаматтар.
  • Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан азаматтар.

Маңызды: Әскерге шақыруды кейінге қалдыру – әскери қызметтен толық босату деген сөз емес. Ол заңда көрсетілген негіздер мен мерзімдерге сәйкес беріледі.

Бұдан бөлек, бұйрықтың қосымшасында азаматтарды мерзімді әскери қызметтен босатудың барлық негіздері де көрсетілген.
Оларға мыналар жатады:
  • Денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар.
  • Заңды негіздер бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмаған және 27 жасқа толған азаматтар.
  • Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде әкесі, анасы, ағасы, әпкесі, інісі немесе қарындасы қаза тапқан, қайтыс болған не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар.
  • Басқа мемлекетте әскери немесе баламалы қызмет өткерген азаматтар.
  • Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерген азаматтар. Бұған «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңның 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайлар кірмейді.
  • Ғылыми дәрежесі бар азаматтар.
  • Тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button