Қазақ фармацевтикасының негізін салған ғалым өмірден өтті (ФОТО)

Қазақстанда фармацевтика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Кеңесбай Үшбаев 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Қаралы хабарды С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұжымы жеткізіп, көрнекті ғалымның отбасына, туған-туыстарына, әріптестері мен қалың шәкірттеріне қайғыра көңіл айтты.
Кеңесбай Үшбаев 1983 жылы фармацевтика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алған тұңғыш қазақ азаматы әрі Орталық Азия өңіріндегі алғашқы ғалым ретінде тарихқа енді. Ол отандық фармацевтика ғылымын, салалық білім беру жүйесін және халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ісін дамытуға өшеңдес үлес қосты. Еңбек жолында Алматы мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор сияқты жауапты қызметтерді атқарды, сондай-ақ Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас дәріхана басқармасын басқарды.
Профессор артына 150-ден астам ғылыми еңбек қалдырды. Сондай-ақ оның тікелей жетекшілігімен және ғылыми кеңесшілігімен 24 ғылым кандидаты мен 3 фармацевтика ғылымдарының докторы даярланып шықты.



