«Теуіп жіберген»: Ақтауда жеке мектеп директорының әйелі еден жуушыны қорлаған (ВИДЕО)

Желіде бір әйелдің еден жуып жүрген қызметкердің су толы шелегін теуіп жіберген видесосы тарап жатыр, деп хабарлады tiek.kz.
Lada.kz басылымының жазуынша, видео Ақтаудағы Tulpar School жеке лицейінде түсірілген.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, видеодағы әйелдің мектеп директорының жұбайы екені айтылады.
Маңғыстау облысының білім басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, болған оқиғаға байланысты полицияға арыз түскен.
Комиссия тексеріс барысында екі тараптың да түсініктемесін тыңдап, болған жағдайға құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан баға береді. Тексеру қорытындысы бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады делінген хабарламада.
Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.



