Қоғам

37 іс тергеліп жатыр: Қорғаныс министрлігін тексеріп жатқан комиссия тергеу қорытындысын жариялады

Бұған дейін Бас прокуратура Маңғыстау облысындағы әскерилердің қазасы: 300-ден астам адамнан жауап алынып, 8 лауазымды тұлға қамалғанын хабарлаған еді. 

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындылары шықты.

Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тексеру «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде жүргізілуде. Оның мақсаты – Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету және әскери тәртіпті нығайту үшін жүйелі шаралар әзірлеу. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу жалғасуда.Комиссия жұмысы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әскери қызмет өткеруге тиісті жағдай жасауға, азық-түлікпен және киім-кешекпен жабдықтаудың, медициналық көмек көрсетудің сапасына, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің сақталуына баса назар аударылып отыр. Анықталған жекелеген құқық бұзушылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Тергеу мүддесіне байланысты бұл істер жөніндегі мәліметтер әзірге жария етілмейді», — делінген хабарламада.

Комиссия жұмысы биылғы қарашада аяқталады.

Бұған дейін Бас прокуратура Маңғыстау облысындағы әскерилердің қазасы: 300-ден астам адамнан жауап алынып, 8 лауазымды тұлға қамалғанын хабарлаған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button