Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің тізімі жарияланды

Forbes Kazakhstan басылымы Қазақстанның 2026 жылғы ең ықпалды 50 бизнесменінің рейтиңін жариялады. Тізімде Вячеслав Ким бірінші, Болат Өтемұратов екінші, Тимур Құлыбаев үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ең ықпалды он бизнесмен кім
Басылым биыл рейтингті 16-рет жасақтады. Көш басына шыққан 57 жастағы Вячеслав Ким бұған дейін 2023 жылы да тізімнің бірінші сатысында болған.
Алғашқы ондыққа мына кәсіпкерлер кірді:
- Вячеслав Ким – 57 жаста;
- Болат Өтемұратов – 68 жаста;
- Тимур Құлыбаев – 60 жаста;
- Нұрлан Смағұлов – 61 жаста;
- Шахмұрат Мүтәліп – 36 жаста;
- Тимур Турлов – 38 жаста;
- Нұрлан Артықбаев – 51 жаста;
- Андрей Лаврентьев – 47 жаста;
- Айдын Рахымбаев – 54 жаста;
- Владимир Ким – 65 жаста.
Биыл рейтиңде төрт кәсіпкер алғаш рет енді. Солардың бірі – Integra Construction KZ құрылыс компаниясының иесі Шахмұрат Мүтәліп. Ол бірден бесінші орынға көтерілді.
Өтемұратов төлеген салығы туралы мәлімет берді
Forbes Kazakhstan биылғы рейтингте Болат Өтемұратовтың қаржылық ашықтығына да назар аударған. Кәсіпкер басылымға 2025 жылы Қазақстан бюджетіне жеке өзі қанша салық төлегенін хабарлаған. Материалда бұл көрсеткіштің бірнеше миллиард теңге болғаны айтылған.
Басылым редакциясының пікірінше, мұндай деректерді жариялау ірі кәсіпкерлердің бюджет кірісіне қосқан үлесін қоғамға түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің толық тізімі Forbes Kazakhstan сайтында жарияланған.



