Әлем

Түркияда балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынды

Түркияда қарашадан бастап балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынатын болды.

Resmî Gazete басылымының жазуынша, 15 жасқа толмаған балаларға аккаунт ашуға тыйым салынып, жасөспірімдердің әлеуметтік желідегі әрекеттеріне шектеулер енгізіледі.

Ал 15–17 жастағы жасөспірімдер үшін қауіпсіздік пен құпиялылыққа қатысты жеке талаптар енгізіледі.

Аккаунт ашу кезінде платформалар пайдаланушылардың жасын тексеруге міндетті болады. Ол үшін мемлекеттік e-Devlet порталы арқылы растау жүйесі қарастырылған.

Жүйеде пайдаланушының жас санаты көрсетіледі, бірақ оның аты-жөні, нақты жасы және жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де деректер жарияланбайды. 15 жасқа толмағандардың аккаунт ашу туралы өтініштері қабылданбайды.

15–17 жастағы жасөспірімдердің аккаунттары жабық болады және оларды көпшілікке қолжетімді етуге рұқсат берілмейді. Оларға тек өздері жазылған пайдаланушылар ғана хабарлама жібере алады. Бұл жас санаты үшін тікелей эфир жүргізуге, контактілерді синхрондауға және жеке деректерді жекелендірілген жарнама үшін пайдалануға тыйым салынады.

Балалардың профильдері басқа пайдаланушыларға ұсынылмайды, сондай-ақ жасөспірімдерге жазылуға болатын өзге аккаунттар көрсетілмейді.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button