Дубайдан Израильге бағыт алған ұшақта дабыл белгісі қосылып, артынша жоғалып кеткен
Бортта 180 жолаушы болған.

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған жолаушылар ұшағын басып алу әрекеті туралы белгі берілді, деп хабарлады tiek.kz телеграм арнасы.
The Times of Israel басылымының хабарлауынша, бортта 180 жолаушы болған. Ұшақ экипаж жұмысына араласу немесе әуе кемесін басып алу қаупі туралы сигнал жіберген.
Осыдан кейін әуе кемесі ұшу барысын бақылауға арналған сайттардан жоғалып кеткен.
Қауіпсіздік қызметтеріндегі дереккөздердің мәліметінше, ұшақты бақылау үшін Израиль әуе күштерінің жойғыш ұшақтары әуеге көтерілген. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кац шұғыл кеңес өткізген.
Кейін ұшақтың Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы Табук қаласының әуежайына қонуы мүмкін екені хабарланды.
Әуе кемесі Сауд Арабиясына қонды. Израиль қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, экипаж төтенше жағдай сигналын ұшақты басып алу әрекетіне байланысты емес, екі ұшқыштың арасындағы жанжалға байланысты берген.



