
31 күннен бері ауруханада жатқан Нұржігіт үйіне шықты. Экс-депутат Бақытжан Базарбек өзі тап болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен Нұржігіт ауруханадан шыққанын көрсетіп, видео жариялады, деп хабарлады tiek.kz.
Бұған дейін Жамбыл облысында бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған еді.
Ауыр жарақат алған Нұржігіт 31 күн бойы ауруханада жатып, өмір үшін күрескен еді. Бірнеше күн комада жатқан ол кейін есін жиып, жақындарын тани бастаған.



