Түркияда 3900 беттен тұратын айыптау ісі журналистер ынтымағын көрсетті

Түркиядағы басты саяси тақырыптардың бірі – Ыстанбұл әкімі Экрем Имамоғлы ісіне қатысты шыққан айыптау актісі. 2025 жылдың 11 қарашасында жарияланған бұл құжаттың көлемі 3900 бет.

Қысқа уақыт ішінде мұндай көлемдегі материалды толық талдап шығу мүмкін емес еді. Алайда Түркия журналистері бұл жолы өзгеше тәсіл ұстанды: YouTube арнасы бар тәуелсіз журналистер мен жеке БАҚ өкілдері бірігіп, айыптау актісін бөліп оқып, өзара сұхбаттар мен талдаулар жасап жатыр.

Бұл туралы журналист Әсел Қайролла өзінің Facebook парақшасында жазды:

«Қарап отырып, қызықтым. Бізде мұндай ынтымақ бар ма екен? YouTube-та деректі фильмдер мен подкасттар болмаса, отандық жаңалықтарды көрмеймін», — дейді ол.

Түркиядағы журналистердің осындай кәсіби ынтымақтастығы мен ақпарат алмасу мәдениеті қоғам назарын аудара білді.
Ал Қазақстанда бұл тәжірибе әлі де қалыптасу үстінде. Жеке авторлар мен тәуелсіз медиа өкілдерінің коллаборациясы сирек кездеседі.

Сарапшылар пікірінше, ақпараттың сапасы мен қоғамдағы сенім деңгейі дәл осындай ортақ еңбек арқылы ғана артады.


Tiek.kz анықтамасы:
Имамоғлы ісі – Түркиядағы саяси процестердің айнасына айналған тақырып.
Ал журналистердің өзара қолдауы — ел медиасында еркін ой мен жауапкершіліктің белгісі.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―