«Ақшадан қиналдық»: Интим видеосы тараған тамада мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Бұған дейін әлеуметтік желіде «Хан» атымен танымал тамаданың интимді видеосы тарап кеткен еді.

Әлеуметтік желіде интимдік видеосы таралып кеткен асаба тағы мәлімдеме жасап халықтан көмек сұрап жатыр.
Айтуынша, елді шулатқан видеоға байланысты барлық жұмысы тоқтап, ақшадан қиналып қалған.
«Осы іске байланысты менің барлық жұмысым тоқтап тұр. Асабалық қызметім де, ашылу салтанаттары, жүргізетін жаздағы тойларымның ақшасын қайтадан сұрап жатыр. Қазір енді бізге қаражат жағынан да, психологиялық жағынан да өте ауыр болып жатыр шыны керек. Одан бөлек өзіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Атымызда үй жоқ. Одан бала-шағамыз бар. Осыған байланысты видеоны таратқан адамдардан моральдық шығындарды өндіретін боламыз. Әзілдеулеріңді қойыңдар. Жігіттер, қатынға ұқсамаңдар!», — деді ерлі-зайыптылар.
Бұған дейін әлеуметтік желіде «Хан» атымен танымал тамаданың интимді видеосы тарап кеткен еді. Айтуынша, видеоны хайп үшін түсірілмеген. Оның сөзінше, бұл – ерлі-зайыптылардың жеке өміріне қатысты түсірілген жазба болған.
“Соңғы күндері тарап жатқан видео хайп үшін жасалған дүние емес. Ондай әрекетке баратын адам емеспіз. Біз оны жеке файл ретінде сақтағанбыз. Алайда мобилографым сол файлды ашып, таратып жіберген сияқты. Қазір соны анықтап жатырмыз. Әйелім екеуміз де қатты күйзелістеміз”, – деген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



