Қоғам

Жолды жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырмақ болған басшының соты жуырда басталады

«ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды.

Оларға «Жақсы – Есіл – Бұзулық» автомобиль жолының күрделі жөндеуіне және Есіл өзені арқылы көпір салуға бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылып жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты»,  деп мәлімдеді бас көлік прокуратурасы.

Қазіргі таңда бұл іс Астана қаласының сотына жолданды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button