«Тоқалым боласың!»: Димаш Құдайбергенге тіл тигізген блогердің үстінен іс қозғалды
Осыдан шамалы бұрын белгісіз біреудің әнші Димаш Құдайбергенге тіл тигізіп, қоқан-лоқы жасаған видеосы тараған еді.

Әнші Қанат Айтбаев ұлы Димаш Құдайбергенге тіл тигізген блогер Берік Сәбитұлының үстінен арыз түсірді, деп хабарлайды tiek.kz.
Бұл туралы блогер Берік Сәбитұлының өзі хабарлады.
«Димаш Құдайберген деген алаяқтың әкесі және өзі мені сотқа беріпті, оңбағандар. Маған тікелей хабарласып, менімен сөйлессе мен ол видеоны алып тастауым мүмкін еді, бірақ ойланып көретін едім. Бірақ олар менімен сөйлескен жоқ, келісімге келмеді, себебі олар қорқақ. Бұл жігіттікке жатпайды. Димаш қыз секілді, сондықтан үйленбей жүр деп ойлаймын, – деп жазған блогердің өзі.
@zhassuzakovberik #рек #топ #топчик #рекомендации ♬ original sound — Beriksabituly2
Осыдан шамалы бұрын белгісіз біреудің әнші Димаш Құдайбергенге тіл тигізіп, қоқан-лоқы жасаған видеосы тараған еді. Ол өз жазбасында Димаш Құдайбергенге ән айтуға тыйым салғанын айтады. Шыңғыра берме, қоймасаң, тіліңді кесіп аламыз деп қорқытқанын байқауға болады. Ол аздай әншінің атына небір арсыз сөздер айтып, намысына тиеді. Соңында «Димаш, сені тоқал қылып аламын!» деуге дейін барған.
Кейіннен бұл «батырдың» өзін блогермін депе есептейтін Берік Сәбитұлы есімді адам екені анықталған.
Беріктің бұл жазбасы әлеуметтік желі бетінде үлкен шу тудырып, біраз адамның қарсылығын тудырды.
Жазба журналист әрі қоғам белсендісі Бекболат Қаржан Бас прокуратураның атына шағым түсірді. «Құрметті Берік Ноғайұлы! Бірнеше уақыттан бері фейсбук әлеуметтік желісінде мынадай арсыз, оңбағанның қазақтың біртуар ұлы, әлем жұртшылығын әнімен тербетіп жүрген, Қазақстанды әлемге танытып, тіпті, әлем жұртына қазақша ән салғызып отырған Дінмұхаммед Құдайбергеннің жеке басын қорлаған бейнежазбасы шығып жатыр. Мұның Димашта ала алмай жүрген қандай әкесінің ақысы бар екенін білмей отырмыз. Бірақ, Димашты қорлау — қазіргі уақытта қазақты қорлау деп түсінемін. Сондықтан да шұғыл түрде мынау шіріген жұмыртқаны іздеп, тауып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 131-бабын (жеке басын қорлау), қоғамды арандату, Қазақстанның абыройын түсіру (Димаштың абыройы — Қазақстанның абыройы) әрекеттерін ескеріп, қылмыстық істі ашылуы керек. Мұндай оңбағандар «Үй артында кісі тұр» дегенді қайдан түсінсін!? Димаштың артында әлем тұр. Мұндай иттерді тайраңдатсақ, біздің елге абыройсыздық алып келмейді. Менің жеке фейсбук әлеуметтік парақшамдағы сілтемені назарға алып, Дінмұхаммед Құдайбергеннің жеке басын қорлап, қоғамды арандатып отырған мынау азаматқа іздестіру жариялап, қылмыстық істі тіркеуіңізді сұраймын», — деп жазған ол өзінің фейсбук парақшасында.



