Қытайлар Министрліктер үйінің маңайын әжетхана қылып алған ба? (ВИДЕО)
Желі қолданушыларының айтуынша, қытайлар дәрет сындырып тұрған ғимарат Ақорданың маңында орналасқан.
Желіде бір түрлі ыңғайсыздау видео тарап жатыр. Нақты айтар болсақ, дәл Астананың қақ төрінде қытай азаматтарының ішіп алып, дәрет сындырып жүр, деп хабарлайды tiek.kz.
Желі қолданушыларының айтуынша, қытайлар дәрет сындырып тұрған ғимарат Ақорданың маңында орналасқан. Қытайлар бұл ғимаратты жалға алған.
«ШОК!
Астананың төрінде дәрет сындырған Қытай азаматы! Түріне қарасаң масаңдау! Бұл не сұмдық? Балақтағы бит басқа шықты деген осы-ау?!
Астана полициясы қоғамдық тәртіп бұзған азаматтың жеке басын анықтап, заңға сай шара қолданамыз депті.
Одан бері жарты күннен асып кетті, қандай шара қолдандыңыздар, @police_astana?
Қазір ғана осы видеоны Қытайдан келген қандасқа көрсеттім. Мұндай жағдай Қытайда болса сотталады» деді. Елді сыйламаған адамға бұл елден орын жоқ, депорт!», — деп жазған журналист Гүлмира Әбіқай.



