Денсаулық
Кардиолог пайдалы таңғы астың қандай болуы керегін айтты
Дәрігердің айтуынша, пайдалы таңғы ас құрамында жұмыртқа болуы керек.

Кардиолог Аурелио Рохас таңғы асқа міндетті түрде тұтыну қажет пайдалы тағамдарды атады, — деп хабарлайды Massaget.kz.
Дәрігердің айтуынша, пайдалы таңғы ас құрамында жұмыртқа болуы керек. Өйткені оның құрамында ақуыз көп. Бұл ұзақ уақытқа тоқ жүруге және тәбетті реттеуге көмектеседі.
Ал айран ішектегі пайдалы микрофлораның қалыпты жұмыс істеуіне оң әсер етеді. Сонымен қатар, тұтас дәнді нан қандағы қант деңгейін тұрақты ұстап тұруға көмектесіп, ұзақ уақытқа энергия береді.
Маман кофенің жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы қабынуға қарсы және қорғаныш қасиеттері бар екенін айтады. Алайда одан барынша пайда көру үшін кофені қантсыз және жасанды тәттілендіргішсіз ішкен жөн.


