Қоғам

Оқушылардың көктемгі каникулда неше күн демалатыны белгілі болды

Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

2026 жылғы көктемгі демалыс 19 наурыз бен 29 наурыз аралығында, барлығы 11 күнге созылады.

«2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады, — дедінген министрліктің хабарламасында.

Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға жалғасады және 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Одан кейін жазғы демалыс басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button